«Отбасылық ағаш отырғызу» челленджі
«Отбасылық ағаш отырғызу» челленджі аясында Бактубаевтар отбасы белсенділік танытып, игі іске өз үлестерін қосты. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен бұл челленджге отбасы мүшелері бір кісідей атсалысып, көшет отырғызды.
Шара барысында Бактубаевтар отбасы жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтіп, табиғатты қорғау – әр азаматтың парызы екенін көрсетті. Ағаш отырғызу арқылы олар туған жердің көркеюіне үлес қосып қана қоймай, өскелең ұрпаққа өнегелі іс үлгісін танытты.
Осындай тағылымы мол шаралар отбасы бірлігін нығайтып, табиғатқа деген жанашырлық сезімді арттыра түседі. «Отбасылық ағаш отырғызу» челленджі алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенім мол
Дата публикации: 15.05.2026