Адал азамат

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағыты аясында өткізілген іс-шаралар.

24 қазан күні Республика күніне орай «Таза Қазақстан» акциясын қолдай отырып, Кеңес орта мектебінің ұжымы сенбілікке шықты.Сенбіліктің мақсаты – мектеп аумағын абаттандыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру.Таза Қазақстан – жарқын болашақ кепілі!

Республикам менің» атты мерекелік іс-шара өтті!
25 қазан – Республика күніне орай Кеңес орта мектебінде «Республикам менің» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең-жыр арқылы жеткізіп, патриоттық әндер орындап, мың бұрала би биледі. Мерекелік шара еліміздің тарихын құрметтеуге, мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – 5-сынып оқушыларының «Жас Ұлан» балалар ұйымының қатарына қабылданып, салтанатты түрде ант беруі болды. Ал 1-сынып оқушылары «Жас Қыран» ұйымының қатарына қосылып, жас қыран атанды.
Бұл – жас ұрпақтың бойында елге деген құрметті, жауапкершілікті, адалдық пен патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Республикамыздың мерейі үстем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміздің болашағы жарқын болсын!
 
 
Кеңес орта мектебінде  14 қазан күні «Бала қауіпсіздігі – ата-ана мен мектептің ортақ жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу, оқушылардың психологиялық жағдайына назар аудару және бала бойындағы мінез-құлық өзгерістерін дер кезінде анықтау мәселелерін талқылау. Жиналыс барысында ата-аналарға баланың эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу, оның көңіл күйіндегі өзгерістерді байқау, баламен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар балаға отбасында қолайлы психологиялық орта қалыптастырудың және қиын жағдайда оған дер кезінде қолдау көрсетудің маңыздылығы атап өтілді. Жиналыста ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, сынып жетекшілерімен және мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметімен бірлесе жұмыс жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қоса ата-аналармен мектеп психологы Куаныш Маратовна көңілді треннинг өткізіп, ата-аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
 
1 қазан – Қарттар күніне орай мектебімізде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шара барысында оқушыларымыз қазыналы қарттарға арнап ән шырқап, би билеп, жүрекжарды тақпақтарын тарту етті. Әсем ән мен мың бұралған би, ақжарма тілектер мерекенің сәнін келтіріп, қарттарымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ақылдың кені, өмірдің өнегесі болған ақсақалдарымыз бен ардақты әжелеріміз оқушыларға ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін айтып, өз алғыстарын білдірді.
Қарттарымыз – халқымыздың асыл қазынасы, береке-бірліктің берік діңгегі. Олардың өнегелі өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі.
Қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!
 
“Auyl sport-2026” атты өңірлік турнирде өткен шахматтан 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Қайыркелді Камила мен ұлдар арасындағы шахматтан Койшыбаев Арсен жүлдері III орындарды иеленді.
 
«Ардагер ұстаздардың аллеясы»
24.09. Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, ізгілік пен еңбектің үлгісін көрсететін ұлы тұлға. Ұстаз еңбегіне деген құрметті арттыру, кейінгі буынға тағылымды жол көрсету мақсатында «Ардагер ұстаздардың аллеясы» игі бастамасы ұйымдастырылды.
🌱 Ардагер ұстаздардың еңбегін ұлықтап, олардың өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау – баршамыздың парызымыз. Бүгінгі отырғызылған әрбір көшет – ұстазға деген құрметтің, ұрпақтар сабақтастығының және жарқын болашаққа деген сенімнің белгісі.Ұстаз еккен білімнің дәні де, отырғызған ағашының саясы да – ұрпаққа қалатын өшпес мұра!

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА ӘЛЕМ!«Таза Қазақстан» акциясын қолдай отырып, Дүниежүзілік тазалық күніне орай Кеңес орта мектебінің ұжымы жаппай сенбілікке шықты.Сенбілік барысында мектеп ауласы мен айналасы тазартылып, аумақ абаттандырылды. Ұжым мүшелері қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, туған жерге жанашырлықпен қарауға өз үлестерін қосты.

🌱 Тазалық – мәдениеттің көрінісі.
🌱 Таза орта – жайлы өмірдің негізі.
🌱 Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет!Туған жерімізді таза ұстап, табиғатымызды бірге аялайық!
 
 
14.09 күні “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында 3–4 сынып оқушылары аудандық Мәдениет үйіне барып, рухани-мәдени демалып қайтты. Оқушыларға арналған мәдени шара барысында балалар «Жалқаудың жыры» атты қойылымды тамашалады. Қызықты әрі тәрбиелік мәні зор қойылым оқушылардың көңілінен шығып, олардың театр өнеріне деген қызығушылығын арттырды.
Қойылым мазмұны арқылы балалар еңбексүйгіштік, жауапкершілік, талаптылық сияқты жақсы қасиеттердің маңызын түсініп, жалқаулықтың адам өміріне тигізетін кері әсері туралы ой түйді.
 
 
09.09 күні «Бастауыштан негізгі буынға» — ата-аналар жиналысы өтті. 
Кеңес орта мектебінде 5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Бастауыштан негізгі буынға» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылардың бастауыш сыныптан негізгі буынға бейімделу кезеңіндегі ерекшеліктері туралы ата-аналарға түсінік беру, балаға қолдау көрсету жолдарын ұсыну және мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайту.
Жиналыс барысында сынып жетекшісі 5-сынып оқушыларының жаңа ортаға, пән мұғалімдеріне бейімделуі, басқа да мәселелер бойынша тоқталып кетті.
Мектеп психологы Қуаныш Маратқызы ата-аналармен арнайы тренинг өткізіп, баланың эмоционалдық жағдайын түсіну, оған дұрыс қолдау көрсету, сенімді қарым-қатынас орнату бағытында практикалық жаттығулар ұйымдастырды. Тренинг барысында ата-аналар белсенді қатысып, өз ойларымен және тәжірибелерімен бөлісті.
Жиналыс соңында ата-аналарға баланың жаңа кезеңге бейімделуінде отбасының қолдауы аса маңызды екені айтылып, мектеп пен ата-ана бірлесе жұмыс жасағанда ғана оқушының оқуына және тұлғалық дамуына қолайлы жағдай қалыптасатыны атап өтілді.
 
1-қыркүйек білім күніне орай Кеңес орта мектебінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиын шымылдығын ауыл әкімі Саян Естайұлы құттықтау тілегімен ашып, мектеп директоры Назгүл Бекжанқызы жалғастырды. Жүрекжарды лебізін білдіріп, ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
Мерекелік шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып бүлдіршіндерінің өлең шумақтарын арнаған сәті болды.Балалардың сыңғырлаған үніне әннен шашу шашылып, әсем әуен салтанатты жиынның сәнін келтірді. Ұлттық өнеріміздің айшықты үлгісі – күй күмбірлеп, мерекелік шараның мазмұнын одан әрі ажарландыра түсті.
Салтанатты шараның көптен күткен ерекше сәті – алғашқы қоңыраудың соғылуы болды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін сыңғырлаған қоңырау үні – білім әлеміне бастар алғашқы қадамның, жаңа арман мен үміттің жарқын белгісіндей әсер қалдырды. Алғашқы қоңырау үнімен бірге жаңа оқу жылына жол ашылып, білім ордасының дәліздерін балғындардың шат күлкісі мен қуанышты дауыстары тербеді.
Бұл күн – бүлдіршіндер үшін мектеп өміріне жасалған алғашқы қадамымен де ерекше мәнге ие болды. Қолдарына гүл ұстап, жүректеріне үлкен арман ұялаған балғындар білім әлеміне жол ашып, жаңа белеске қадам басты. Алғашқы қоңырау үні әр баланың жүрегіне білімге деген құштарлық пен үлкен арман ұялатсын! Жаңа оқу жылы берекелі де табысты жыл болсын! Білім күні құтты болсын!

1.09 күні Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің басты құжаты, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің берік негізі. Конституцияда әр азаматтың құқықтары мен міндеттері айқындалып, қоғамдағы татулық, бірлік пен жауапкершіліктің маңыздылығы белгіленген.Осыған орай, мектебімізде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.Сынып сағаттарының басты мақсаты – оқушыларға Конституцияның еліміздегі рөлін түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.Сынып сағаты барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихы, маңызы мен негізгі қағидаттары туралы түсінік берілді. Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы ой бөлісіп, «Адал азамат қандай болуы керек?», «Зерделі ұлт дегеніміз не?», «Жауапты қоғамды қалай қалыптастырамыз?» деген сауалдар төңірегінде пікір алмасты.Сынып сағаттарында түрлі танымдық тапсырмалар, сұрақ-жауап, пікірталас, топтық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, заңды сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қоғам алдындағы жауапкершілік сияқты құндылықтарға ерекше назар аударылды

Адал азамат 2026-2027 оқу жылы жоспарлары

Адал азамат тәрбие жоспары 2026-2027 оқу жылы

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы 2026-2027 оқу жылы

Ата аналар қоғамымен жұмыс жоспары 2026-2027 оқу жылы

 

2025-2026 оқу жылы

Кеңес орта мектебінің тәрбие жұмыс жоспары 2025-2026 оқу жылы

Ата аналар қоғамымен жұмыс жоспары 2025-2026 оқу жылы

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы 2025-2026 оқу жылы

 

Мектепте өтілген іс-шаралар

Кеңес орта мектебінде күзгі демалыс уақытында "АДАЛ АЗАМАТ"біртұтас тәрбие бағыты аясында “Заң және тәртіп” құндылықтарын негізге ала отырып, полиция бөлімшелеріне 5-9 сынып оқушыларымен виртуалды экскурсия ұйымдастырылды.

 

Біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге ала отырып Кеңес орта мектебінің оқушылары жалпы эссе жазды.
📍Мақсаты: оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, ар-ұждан, намыс, әділдік секілді құндылықтарды ұғындыруға бағытталды.
Тақырыбы: 1-4 сынып “Таза Қазақстан”
5-9 сынып “Заң және тәртіп”
10-11сынып “Адал азамат”
Эссе қорытындысы бойынша 7-сынып оқушысы Марат Кәусар, 10-сынып оқушысы Шермуамбет Жаннұр үздік деп танылды.

 

"Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дар"Адал азамат- Адал еңбек-Адал табыс" тақырыбында 9-сынып оқушыларына арналған ашық тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға адалдықтың,еңбектің және адал табыстың адамның тұлғалық дамуына әсерін түсіндіру. Шынайы өмірде,мектепте,отбасында адал болуға тәрбиелеу.Еңбексүйгіштік қасиетті қалыптастыру,еңбектің нәтижесін бағалай білуге үйрету.а жолы" атты сынып жетекшілер бірлестігі онкүндігінде "Ертегілер еліне саяхат" тақырыбында көрініс өткізді.

28 сәуір күні «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында, «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8-9 сынып оқушыларына «Кітапқа салынбайтын бетбелгілер» және «Бұзақы қыз» деректі фильм көрсетілді. Фильм соңында оқушылар өзара пікір алмасып, фильмді талқылады.масын іске асыру бойынша оқушылармен «Қазақстан -сүйікті елім» эссе конкурсы өтті