Ас -адамның арқауы.
Шал ақын ауданындағы Кеңес орта мектебінде 2025-2026 оқу жылында 2025 жылдың 2 қыркүйегінен оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүйелі түрде ұйымдастырылды. Ыстық тамақпен 100пайыз қамтылса ,оның ішінде бастауыш сынып оқушылары толығымен тегін тамақпен қамтылды. Мектеп директоры Абденкина Н.Б, жеке шаруа қожалық басшылары Сыздықов М.Қ., Кубетаев Ж.Ш көмектерімен қамқоршылар кеңесімен тамақтанады, 17 оқушы Жалпы білім беру қорынан тегін тамақтанады. Ақылы тамақ құны мектеп учаскесі өнімдерін пайдалану арқылы 250 теңгені құрайды. Асхана 24 орынға шақталған, ас мәзірі екі аптаға жасалып бекіттірілген,сынып жетекшілері оқушылардың толық тамақ ішулерін қадағалауды жүргізеді. Мектеп директоры Абденкина Назгуль Бекжанқызы ыстық тамақтың сапалы ұйымдастырылуын әрдайым өз бақылауында ұстайды.


2025-2026 оқу жылында мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру туралы бұйрық

СҚО орта мектептеріне арналған ыстық тамақпен қамту 4 апталық ас мәзірі
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары


Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның мониторингті жүзеге асыруы бойынша жоспары

Брокераж комиссиясын құру туралы бұйрығы

2025-2026 оқу жылының бракераждық комиссия құрамының жұмыс жоспары

Асханада мектеп әкімшілігінің бақылау жүргізу кестесі

Асханада оқушылардың тамақтану кестесі.



🍽️Мектеп асханасында бракераж комиссиясының жұмысы
Біздің мектепте білім алушылардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыратын бракераж комиссиясының жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі.
Тексеру барысында комиссия бағалайды:
✅ пісірілген тағамдардың сапасы
✅ санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау
✅ тағамдардың бекітілген мәзірге сәйкестігі
✅ азық-түлікті сақтау шарттары
Барлық тағамдар бекітілген мәзірге сәйкес қатаң түрде дайындалады және бракераждық бақылаудан кейін ғана таратуға рұқсат етіледі.
Оқушылардың денсаулығы мен дұрыс тамақтануына қамқорлық жасау — біздің мектептің басымдықтарының бірі.
👩 🍳 📋 Бракераж комиссиясының жұмысы оқушылар үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасауға көмектеседі.
#Мектеп асханасы
#Бракеражкомиссиясы
#Жаңа кезең
#Дұрыс тамақтану
#Қауіпсіздікбалалар
#Біздің мектеп






.jpg)
.jpg)