Заң және тәртіп
“Заң және тәртіп” айлығы аясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге учаскелік инспектор Д.Ж.Биханов қатысып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында инспектор оқушыларға құқықтық жауапкершілік туралы кеңінен айтып, түрлі құқықбұзушылықтардың салдары мен оның болашаққа тигізер кері әсерін атап өтті. Сонымен қатар, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пайдалы кеңестер берді.

Дата публикации: 06.05.2026