Школьный парламент
Ұстаздар күніне орай мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Ұстаздарға арнау» атты мерекелік іс-шара өтті!
Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып отырған «Ұстаздарға арнау» атты мерекелік іс-шараны мектеп оқушылары ұстаздарға деген ыстық ықыласы мен жүрекжарды алғысын жеткізу мақсатында ұйымдастырды.
Мерекелік кеш барысында оқушылар ұстаздарға арнап ән айтып, мың бұрала би билеп, жүрек тебірентер тақпақтарын оқыды. Сонымен қатар көңілді көріністер қойып, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұстазға деген құрмет — білімге деген құрмет. Ұстаз еңбегі — ұрпақ болашағына салынған ең үлкен жол.
 Барша ұстаздарға шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасыларына амандық және шәкірттерінің биік жетістіктерін тілейміз!
3 қазан күні Кеңес орта мектебінде мектеп Президентін сайлауы өтті. Мектеп президентін сайлауға мектеп оқушылары белсене қатысып, өз таңдауларын жасады.
🇰🇿 МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ
🗳️ 3 ҚАЗАН 2026 ЖЫЛ
Сенің таңдауың — мектеп болашағы!
Өз көшбасшыңды таңда!
Өз дауысыңды бер!
Өз таңдауыңмен өзгеріс жаса!
16.02.2023 жыл.Кеңес орта мектебінде «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігі онкүндігінің аясында «Оқушының этикасы және мәдениеті» атты дебат турнирі өтті. Мақсаты: Өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып,оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Турнирдің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын: 8-сынып оқушысы Бигужина Қарақат.
1 орын: 9-сынып оқушысы Мағзұм Диана.
1 орын: 9-сынып оқушысы Марат Ақбота.
2 орын: 9-сынып оқушысы Байжан Бауыржан.
3 орын: 10-сынып оқушысы Брмжанова Нұрай.
13 қаңтар күні Кеңес орта мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының Қамқорлық фракциясы көшбасшысының ұйымдастыруымен 10-сынып оқушылары Мектеп маңындағы корттың қарын тазалауға көмектесті. Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға, күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және өз уақыттарын тиімді дұрыс пайдалануға үйрету.